Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  74


Автор: Марфуға Айтқожина

АСПАН ТАУЫ АЯСЫНДА

Шаңқандай ақ шатыры аспан тіреп,
Жоңғардың ойпатында
Жатқан шіреп.
Қасында Қап тауының қайран қалам,
Қашанғы халқы үшін асқан тірек!
Көрінген көзге ғажап, дара тұлға,
Көсіліп жатыр,
Жоңғар даласында.
Күн көзін көлегейлеп, Қаптың тауы,
Өркеші ақ бұлттармен таласуда.
Өркеші ақ бұлттармен таласуда,
Өзіне ол –
Жаралғандай, қаратуға.
Арқау боп ұлы ақындар жырына да,
Келеді, бірге жасап санасында.
Естігем талай-талай аңыз атын,
Жыраулар –
Тілінен бал тамызатын.
Жырлаған ұлы Либайи,
Махмұт Қашқари,
Жырлаған Аспан тауды нағыз ақын.
Тұтасқан таулардың сол кереметі,
Көргенде, көңіл бірден елең етті.
Аспанмен Аспан болып тұрғаннан соң,
Айтшы өзің,
Сол тау кімді елемекші?!.
Қиялап жүрген шолып төңіректі,
Қиялым қыранымен ере кетті.
Баулыған ұрпақтарын биіктікке,
Тау қызы,
Қашан-дағы келеді отты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу