Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  92


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛЫП ЖУНГО

Күйі де, ұқсамайтын сыры мүлде,
Жалғасып жатқан орман, гүлі – гүлге!
Мекені миллиардтардың, мызғымайтын,
Алыбы алыптардың –
Ұлы Жунго!
Өзендер, таулар қанша жалғап жатқан,
Еске алам, армандаумен таңдарды атқан.
Қыз бұрым – Хуанха, Шанжаң өзеңдері,
Далада дабыл қағып, қоңыраулатқан!
Шертеді дамылы жоқ, самалы сыр,
Ұғысып, іштей үнсіз табамын тіл.
Көзіндей көне тарих, ғасырлардың,
Пекиннен бой асырып қамалы тұр!..
Тылсымын таусар емес біліп адам,
Түн тыныш,
Шуақ шашар, күні де аман.
Күзетіп алып елдің, амандығын,
Қалғымай тұрған жалғыз –
Ұлы қамал!..
Жайыңды көзбен көрдік, көп түлеген,
Жүректен шыққан саған –
Жетсін өлең!
Үйлері көк аспанмен тілдеседі,
Аспантау, шыңдарындай,
Көк тіреген!..
Ерекше, салтанат пен сəнің мүлде,
Бөленген бау-бақшасы қалың гүлге.
Ел болып күткен осынау –
Елу жылда,
Биіктеп кетіпсің сен,
Алып Жунго!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу