Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  91


Автор: Марфуға Айтқожина

ОЙҒА ӨЛЕҢ ОҢАЙЛЫҚПЕН ОРАЛМАЙДЫ

Ойға өлең оңайлықпен оралмайды,
Болар ма жазбай кетсең одан қайғы.
Өшірмей үміт отын үрлей түсем,
Алдағы болжай алмай,
Болар жайды...
Жүректе асау қаның толып-тасып,
Жүрсің бе кешегідей болып ғашық?
Əлде сен сол бір күнді ұмыттың ба,
Сайрамда –
Сайрандайтын қол ұстасып...
Неліктен өтіп жатыр жүдеп күнім,
Неліктен мұңаяды жүрек бүгін.
Қолыма қона алмаған,
Қыраным-ай,
Қай жерде жүр екенсің,
Түлеп бүгін?!
Жатпенен бауырласып ұясында,
Қонды ма,
Талқынның бір қиясына...
Тағдыры қырандардың беймəлім ғой,
Бəлкім ол,
Келіп-кетіп жүр осында...
Кейде жан торығады, торықпасқа,
Өткен өтті,
Қайтемін жорып босқа.
Кім білсін, мерт болды ма
Құсалықтан,
Кеудесін, аңғал қыран,
Соғып тасқа?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу