Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  82


Автор: Марфуға Айтқожина

ТІЛСІЗ МҰҢ

Күбірлеп іштей күрсіндім,
Өтіпті қанша жырсыз күн.
Жосалап, тіліп барады,
Жүрегімді тілсіз мұң...
Сырт көздер қайдан аңдасын,
Түскенін салмақ жанға шын.
Күндерім зулап барады,
Жүзіме салып таңбасын...
Беттерін бұрып шалғайға,
Қиырға құстар самғай ма?
Ауырлық артқан жылдардың,
Іздері жатыр маңдайда!..
Іздері жатыр маңдайда,
Дəмдері татып таңдайға.
Не күйде жүрген халіңді,
Сұрайтын бізден жан қайда?!
Түсінер сені жан қайда,
Жана ма бағым,
Жанбай ма?..
Қанар ма сусын,
Қанбай ма,
Болар ма, əттең, жетер күн,
Арманға қанат талмай да!..
Күбірлеп іштей күрсіндім,
Өтіпті қанша жырсыз күн.
Жосалап, тіліп барады,
Жүрегімді тілсіз мұң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу