Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  66


Автор: Марфуға Айтқожина

АҚЫН ДА БІР АСПАННЫҢ ҚҰСЫ ЕМЕС ПЕ

Күндіз толғап ойларын,
Жалғап кеште,
Ұсынатын өлеңін талғап көпке –
Ақын да бір аспанның құсы емес пе,
Көзге ілмейтін ешкімді самғап кетсе! ..
Байлықты да елемей,
Кедейлікті,
Сонша байлық иесін демей мықты –
Қара күштің атасы Қажымұқан,
Көтерген ғой,
Қайсарың, нелер жүкті...
Сөзіне ұйып тұрғанда қаншама адам,
Мəнсап, байлық,
Ақындар,
Аңсамаған.
Ақындарға шынайы мейір керек,
Мейрімсізден тоңады,
Тоңса да адам...
Күндіз толғап ойларын,
Жалғап кеште,
Ұсынатын өлеңін таңдап көпке –
Ақын да бір аспанның –
Құсы емес пе,
Көзге ілмейтін ешкімді самғап кетсе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу