Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  72


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚУАНЫШ ШҮПІЛДЕСІН

Келе алмай, дейтін емес шалғай қалдым,
Орыны ерекше ғой,
Шалбай жанның.
Арқалы, əрі өзіңдей бауыр барда,
Арманын алғы күнге жалғайды əркім!
Шалқыдым сол күні бір, кемерлендім,
Əулеті əлпештеді, өнерлі елдің.
Жатсаң да бірің Балқаш,
Астанада,
Көңілге Алатаудай, демеу болдың!
Сəт түсті, жүректі əнмен жылытар күн,
Сол кеште бір ерекше,
Тыныс алдым!
Əн кешін,
Аққу – жырын, əсерлеген,
Қалайша өздеріңді ұмытармын?!.
Күншілдер болғанымен баққан іштен,
Көргем жоқ ешнəрседен сақтанып мен.
Ақынның демеу болған жыр кешіне,
Айтармын аттарыңды мақтанышпен!
Жатса да айлар, жылдар зырлап күнім,
Елімді мені сүйген,
Жырлапты үнім.
Жалғасып жақсылыққа, қуаныштар
Үзбесін өздеріңмен сыйластығын!
Қашан да елі риза, саналы ұлға,
Сендерсіз,
Шырақтайын жанамын ба?!.
Таң – Шолпан мен Лəззатқа бақыт тілеп,
Жыр жолдап отырмын ғой,
Жаңа жылда!
Көңілде аппақ қардай кіршік болмай,
Шаттығың шүпілдесін шанағында!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу