Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАҢА ЖЫЛ ЖЫРЫ

Бүркеніп ақша қарды қыр-бөктерлер,
Қанатын қақты биік,
Жыр – кептерлер!
Жаңа жыл аямасын жақсылығын,
Сыйлаңдар,
Бір-біріңді құрметтеңдер!
Тулатып қуаныштан жүректерін,
Сақтасын жамандықтан түлектерін.
Ұрпаққа ақ жарылып бата берген,
Қарттарым,
Қабыл болсын,
Тілектерің!
Арманның жақындатып алыс күнін,
Аруақты Аталармен –
Табысты үнім.
Қазақтың елім деген ержігіті,
Айбатын берсін саған,
Барыс жылым!..
Жақсы əннің үзілмесін қайырмасы,
Сəбиді күлкісінен айырмасын,
Жаңа жыл,
Болсын дəйім берекелі,
Отандас,
Барлық менің бауырласым!..
Төлеуіне келген көл – көзжасымның,
Тозбасын сұлу ажар,
Тозбасын үн.
Тəуелсіз қазақ елі тату болып,
Арманы орындалсын,
Елбасының!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу