Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  72


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАСЫН ОЙНАП...

Арындап арнаң тосыннан,
Көлдерге тұнып қосылған.
Жүрегің неткен нұрлы еді,
Бəйгедей, жырлар, жосылған.
Бұлттардай көшкен жыр легі,
Арман мен ойдан құр ма еді?!.
Сомдап бір соққан ойларың,
Толғандырып жүр мені.
Оза шауып топтардан,
Даралап кетті көп талғам,
Жасындар ойнап барады,
Жанарыңда шоқтанған.
Дөңгелеп артта сан қаптал,
Құйғытып кетті саңлақтар!
Шағыңда осынау шабытты,
Самғап қал, бауырым,
Самғап қал!
Самғауда да салмақ бар...
Таңдай қағып көрермен,
Аунап түссін аруақтар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу