Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  67


Автор: Марфуға Айтқожина

«ЖАНДƏРІ»

Жолдадың туған жерден –
«Жандəріңді»,
Əсері жандəрінің аңғарылды.
Қалғандай жеңілденіп ой мен сана,
Сезімдер ұялатып,
Жанға нұрлы!..
Жандəрі өсуші еді,
Қас – Күнесте,
Оралар, Күнес десем, жастық еске.
Ақ гүлдері жұлдыздай жанатұғын,
Жұрт бұны көп айтатын жақсы кеште.
Қашан да жарылқаған халқын тəңір,
Халқыма дауа болған,
Алтынтамыр!..
Айналған аты аңызға дəрі жасап,
Жұмбақ боп қалды жұртқа,
Артынша бұл...
Жандəрі, тым ерекше,
Жанға жағып,
Тасылды дорбаланып, арбаланып...
Ол өскен шүйгін дала,
Орнын сипай,
Иісіне жұпарының қалды оранып!..
Өзекте өкініштен жалындайды от,
Жандəрі іздегенде табылмай көп –
Бізге де жетіп жатыр,
Елден сəлем,
Бейне бір,
Қасқалдақтың қанындай боп.
Мəн беріп, көп нəрсені аңғармаған,
Беу менің,
Байлығы мол, аңғал далам...
Қуаты жандəрінің құлшындырып,
Қунақы келе жатыр,
Шалдар да аман.
Жайылған дақпырты кең, əлемге де,
Жолдапсың,
Жандəріден сəлемдеме!
Ерекше дəмін татып, туған жердің,
Құлпырмасам,
Қурайдай болам неге?!.
Жандəрі, немесе бұл «алтын тамыр»,
Жандəріден тулайды,
Салқын қаның!
Күнестің Ақөзені сияқтанып,
Асырып жүрсе екен,
Халқым сəнін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу