27.06.2022
  2685


Автор: Түс жору

Балық

Балық: лай судан балық аулау жақсылық емес. Таза судан балық аулап жүрген адам қуанышты хабар естиді. Үлкен балық аулау—пайда мен жақсылықтың белгісі, кішкентай балық аулау—пайдакүнемдік. Сазан балық ұстаса—үйленеді немесе жақсылық болады. Тірі балықты аулап, оны жеп жатқанын көрсе—көп табысқа кенеледі. Тірі балықты жесе—ол адам мал-мүлікке ие болады. Тұзды балық—қайыр және мал-мүлік. Үлкен балық қазына мен байлық, ал кішкентайлары қайғы мен мұң. Қасындағы тәтті тамақты жемей қасындағы сасық балықты жесе, адал әйелін тастап, зина істейтініне жорылады. Теңізде өлген балықты көрсе—арманы орындалмайды. Балықтардың тәтті судан теңізге және теңізден тәтті суға өткенін көру—халық пен үкімет арасындағы келіспеушілікті білдіреді. Кептірілген балық көрсе— қиыншылық болғанда жәрдем алатынын білдіреді. Аспаннан жерге балық түскенін көру—уақытының қуанышты өтетініне, балықты тұздау—жүрек ауруына, балықты қуыру—қайғыны білдіреді. Балықтың қылшығын теру—кейбір адамдардың сізді алдамақшы болғанына, бірақ жүзеге асыра алмайтынына жорылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу