Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  207


Автор: Марфуға Айтқожина

Ару жүзі уылжып алмадайын...

Ару жүзі уылжып алмадайын,
Жұпар – самал еседі жанға дəйім.
Жігіттің де сұлтанын сұқтандырған,
Сендей болар,
Таңдағы туған айым!
Тілерсекке түседі бұрымдарың,
Бұрымыңдай өрілген сырың қалың.
Қанша жігіт қызыға, қиылғанмен,
Біреуіне,
Ей, ару!
Бұрылмадың!
Бұрылмадың ешкімге, көз салмадың,
Нəзік жанға түсірдің сөз салмағын.
Елетпеді бойыңа,
Ешкімді де,
Бойлатпады ойыңа,
Өз талғамың!..
Қамыққандай сен үшін дала жүдеп,
Қалайша, ару жалғыз қалады деп...
Кездеспеген теңіне,
Текті қызды,
Талай жігіт ұнатты,
Жанары от!..
Ұлан-ғайыр қазақтың даласында,
Тең таппады дегенге,
Нанасың ба?!.
Сырты салқын көрініп, іштей жанып,
Бейтанысты, ойға үнсіз аласың ба?!.
Арасынан ақ боран, аласұрған,
Келіп едің,
Торғайдың даласынан.
Көңілімде сен жайлы өлең қалды,
Ай секілді сызылып,
Жаңа туған!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу