Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  201


Автор: Марфуға Айтқожина

Көтеріп жас ұрпақты қанатына...

Көтеріп жас ұрпақты қанатына,
Бастайтын жақсылыққа,
Жаны асыға –
Ойлаумен өркендердің келешегін,
Төрт бөлген,
Түн ұйқысын,
Қанапия!
Көтерген жас ұрпақты қанатына,
Жақсының қосылсын деп, санатына –
Білімнің –
Бұлағынан сусындатқан,
Білікті, ер-азамат,
Қанапия!
Əкеге, кір келтірмей Анасына,
Қазақтың сəн бітірген –
Даласына –
Қадірі асқан,
Қатарлас арасына,
Жастарға қамқор болған –
Қанапия!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу