Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  90


Автор: Марфуға Айтқожина

ТАМЫР ЖАЙЫП

Өлеңін тебірене ақын оқыр,
Ақынға көңіл қойып
Рақым отыр.
Ұғатын көңіл күйін қас қабақтан,
Ақынға өмірдегі жақын осы.
Жақын осы, көлгірсіп мақтамаса,
Күтпесе, түседі деп, отқа қашан.
Өзгеше қасиетің ол да сенің,
Біреудің –
Ала жібін аттамасаң.
Жалдатқан биігіне Тəңір шыңы,
Сайрамның сияқтанып
Самырсыны –
«Нұрлының» жайын ойлап,
Жапа кешіп,
Жұрты үшін,
Жүректен жас тағы ыршыды.
Өмірге қарайды ол байыппенен,
Аяғым кетер демей,
Тайып неден.
Талқының қарағайы,
Алатауға,
Тамырын келе жатыр
Жайып терең!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу