Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  90


Автор: Марфуға Айтқожина

Жесем де тағдырымнан таяқ талай...

Жесем де тағдырымнан таяқ талай,
Тынармын ойды қалай аяқтамай.
Қиялды қалай үзем сабақтамай,
Қоятын адамдарға талап солай.
Келемін самғап талай,
Қиялап та,
Келемін жанға дауыл, күй орап та.
Қаншама жапа шегіп жүргеніммен,
Ешкімді қиған емен қиянатқа.
Арқамда салмағы ауыр жүк тұрады,
Кім мені көптігімен ықтырады.
Жел айдаған жердегі қаңбақ емен,
Өмірдің тереңде ғой тіпті мəні.
Кейде осынау тірліктің ащысынан,
Жүрегіме мөлтілдеп шық тұнады...
Соншама біреулердің текті жаны,
Біреулер –
Шапағаттың екті дəнін.
Балалық,
Бал-дəуренді бірге өткерген,
Жан құрбылар, бытырап кеттін бəрің.
Өлеңді ермек етпен тиіп-қашып,
Жүректен ақтарылам күйіп-тасып.
Қарасы жамандықтың менен аулақ,
Жүрейін,
Жақсылықпен иықтасып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу