Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  101


Автор: Марфуға Айтқожина

КЕШІРІММЕН...

Ерінбей,
Ертелі-кеш алмай тыным,
Беріліп қиялдарға балдай шырын.
Қайнаған тіршіліктің кəусарына,
Кездер-ай!
Қанша ішсең де қанбайтұғын.
Өзгердің неге мұнша танымастай,
(Егілер кейбіреудің жаны жастай).
Бақыттың тегін келген құны бар ма,
Өмірдің бар ма мəні арып-ашпай.
Білместігіңді айтсам мен қапаланба,
Ойың жұтаң,
Жаныма батады ол да.
Жүргенім жоқ біреуден қастық күтіп,
Жығып кетер екен деп қашан орға.
Қараймын көп жандарға кешіріммен,
Ол қасиет кетпеген есігімнен.
Кейбіреудің атын да ұмытамын,
Өлеңнің жолдарындай
Өшірілген...
Əр нəрсе еске оралар осындайда,
Шынайы,
Кешегі бір досым қайда?
Жүреді жүрегінен енші бөліп,
Жолың да доссыз жерде тосылмай ма?
Таралған таң нұрындай сезім бойға,
Тым албырт,
Алып ұшқан кезің қайда?
Аңсаудың сонша аяулы белгісіндей,
Əйтеуір,
Ала берем өзіңді ойға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу