Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  81


Автор: Марфуға Айтқожина

АДАМҒА ТУҒАН ЖЕРДІҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ

Адамға туған жердің жаманы жоқ,
Жарқырап жанып тұрған
Жанарында от.
Арманым арылмайды тірлігімде,
Отындай жерошақтың жанады үдеп.
Адамға туған жердің жаманы жоқ,
Балаңмын,
Қиыр қонған,
Алаңы көп.
Бəрі де кешегідей көз алдымда,
Ойлама,
Сені ұмытып қалады деп.
Адамға туған жердің жаманы жоқ.
Жанымның бір өзіңнен табары көп.
Сағыныш сахарасын кезіп жүрген,
Бір мұңлығың,
Қарыған табанын от...
Адамға туған жердің жаманы жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу