Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

ШЫҢДАҒЫ ШҰҒЫЛА

Кеудемде қалмасыншы тұншығып жыр,
Соншама сезгірлікпен жүрші ұғып сыр.
Сырына бұл əлемнің құштарлықтан,
Шыңынан
Алатаудың
Қүн шығып тұр!
Шуағын шыңға төгіп шұғылалы,
Толқындар шұғыла құшып құбылады.
Осы сəт үрей қашып көлеңкеден,
Шыңдардың құшағына тығылады.
Ақ бұлттар да жөңкіліп аптығады,
Биікте жүргенімен жоқ тұрағы.
Кеудеме менің тəтті сезім ықтап,
Жүректі жиілетіп қақтырады.
Өлгенше шықпайтұғын есімнен бір,
Толассыз сол есімнен –
Есілген жыр.
Шыңымда тұра бер сен шуақ төгіп,
Жаныма шұғыласын көшірген күн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу