Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  92


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАСЫНДАР ОЙНАП БАРАДЫ

Арындап арнаң тосыннан,
Көлдерге тұнып қосылған.
Жүрегің қандай нұрлы еді,
Бəйге жырлар жосылған.
Түйдектей көшкен жыр легі,
Сияқты ескен қыр желі.
Сомдап бір соққан ойларың,
Толғандырып жүр мені.
Оза да шауып топтардан,
Даралап кетті көп талғам.
Жасындар ойнап барады,
Жанарыңда шоқтанған.
Дөңгелеп артта сан қаптал,
Құйғытып кетті саңлақтар!
Шағында осынау шабытты,
Самғап қал,
Бауырым,
Самғап қал!
Тобыңнан шықтың үзіліп,
Қарадым сонда қызығып.
Сипады жел сауырыңнан,
Жал-құйрығың сүзіліп,
Шығандап кеттің үзіліп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу