Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  96


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰЛЫНШАҒЫМ

Қуанышым,
Қызығым,
Құлыншағым,
Желбіреген жүгірсең тұлымшағың.
Жалғыз жапырақ жатса да сүрінетін,
Кесілмеген тұсауы ұрыншағым.
Билеушіміз сияқты ең бір өктем,
Еркелігің жанымды елжіреткен.
Көрік беріп далаға,
Біздің үйге,
Өзіңменен көңілді келді көктем.
Бірге ілесіп жүретін күні бойы,
Сияқтысың сен менің тұнық ойым.
Əкеңе де ұқсайсың,
Шешеңе де,
Көбірек маған келер –
Түрің,
Бойың.
Қазағымның қашанғы салтына тəн,
Атасымен тебеді ол,
Алтыбақан.
Жəрмеңкедей үйімді үнге бөлеп.
Көңілімді толтырар,
Жартыласам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу