Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  73


Автор: Марфуға Айтқожина

Жағалауда тұрған сол дара мүсін...

Жағалауда тұрған сол дара мүсін,
Тұр ма дерсің күйініп Арал үшін.
Тұнығына сан сырды тұндырып ең,
Білемін Арал десе,
Жанады ішің!
Днепр жағасында дара мүсін,
Табиғаттың жеңген ол қара күшін.
Толқынында тербеп ең жырларыңды,
Сол Арал жоқ дегенге нанамысың?!
Келдік, міне, тағзым ғып,
Тарас ақын!
Кім бар сенің даңқыңа таласатын.
Тарастың тауы тұрғай,
Алатаудың –
Биігіне қойса да жарасасың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу