Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  231


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚАСЫМ – ПАРТИЗАН

Кешегі кездестіріп майдандасын,
Толқып жүр ортамызда,
Қайран, Қасым!
Оранған отты жылды партизанға,
Ақ бұлтын дастарқан ғып жайған ба шың?
Қарамай тұрса дағы құйып жауын,
Карпаттың аралап жүр биік тауын.
Соғыстың саздарымен сабақтасып,
Айықпай жүрегінде жүріпті-ау, мұң.
Тұр екен Карпат тауы тосып көптен,
Үндерін жүр ғой олар қосып көппен.
Күй жетті көкірегіне бір ерекше,
Кешегі іздерінен басып кеткен.
Тау қанша ұстағанмен өзін биік,
Ол дағы тұрды ерекше сезімге ұйып!
Қазақтың Батыр ұлы қарай берді,
Дегендей қалай кетем көзім қиып.
Отанға білген соң кір жуытпасын,
Карпат та тұр ғой оған иіп басын.
Алтайдың ақ иығы алдымызда,
Аршындап бара жатыр жігіт – Қасым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу