Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  315


Автор: Сергей Есенин

ЖЕР КАПИТАНЫ

Планетаны
Ешкім əлі
Билеп дара көрген жоқ.
Ешкімге арнап,
Мақтау толғап бергем жоқ.
Тек қана – ол,
Қолын биік сермеп қап,
Деген: «Дүние –
Бір семья, бəрі ортақ».
Елікпеймін
Ер атына
Айтқан мақтау жырға мен.
Сілікпеймін
Қан тамырым
Қанша тулап тұрғанмен,
Бақыттымын
Сонау сұрғылт күндерде,
Онымен мен
Ойым да бір,
Сезімім бір,
Жаным да бір жүргенге.


Оған жақын,
Қасыңдағы біз түгіл,
Таңданар ед
Таңдай қағып өңшең піл.
Симбирск қаласынан
Қарапайым бір бала –
Өз елінің тағдырына
Ие болса ол сол ғана.
Қалың толқын
Шулы толқын ішінде,
Өзінің бұл
Зор тазарту ісінде
Аздап қатал,
Һəм сүйкімді кісі де.
Марксше ол
Кеп ойланды,
Ленинше өмірді
Өзі жасай түсті де.
Ақылмен мол,
Ерлігі зор,
Рульге аздап басты ол.
Деді-дағы –
Өр толқындар
Корабльге ашсын жол.
Ол – рулевой,
Ол – капитан.
Ол бар жерде
Үрейлі емес толқын-жар.
Барлық елден
Матростар-батырлар.
Ол матростар
Меңгереді
Теңіз сынды алыпты,


Материкке жазу үшін
Жол сілтейтін жарықты.
Бірақ сонда
Мына кəрі мен емес,
Өзге ғажап
Тағдырдың бір ақыны
Жазар жарқын
Жолдарын бұл зор күрес,
Жеңіспенен тынған
Біздің ақыры.
Айтар олар:
«Ең ғажайып жүзгіш сол,–
Кім жеңіспен
Орната алса шындықты,
Кім əлемге
Ашып берсе
Жас материк, құрлықты!»
1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу