Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  232


Автор: Сергей Есенин

Əлі сөзбен айтылмаған, əрі жасыл, əрі əсем...

Əлі сөзбен айтылмаған, əрі жасыл, əрі əсем,
Жауыннан соң, дауылдан соң өлкеме бір қара, сен,
Дəл сондай-ақ жаным менің дархан дала, кең жазық,
Гүл иіскеп, бал жаласып отыратын бел жазып.
Қайтты қайрат. Жеңді жылдар, өз дегенін істеді,
Ол күнімді қарғамаймын, таланға сол түскені.


Бейне құйын, тұяғы жел үш ат жеккен күймедей,
Өте шықты-ау өмір шіркін, қадірі жоқ түймедей.
Қалды шаңдақ, опыр-топыр жерді қазған кеп тұяқ.
Құлақ жарған от ысқырық қайда дейтін жоқ сұрақ.
Енді қазір бар теңірек тынышталған, ес білген,
Жапырақтың қурап жерге құлағаны естілген.
Қайда қоңырау? Қайда ұзаққа кетіп жатқан жаңғырық,
Жұтқандайсың бəрін соның, көкіректі қандырып.
Тоқта, көңілім, кеттік өтіп белгілеген жерінен,
Еркелік те, есерлік те жарасатын шегінен.
Енді байқап қарармыз-ау қайта жолдың аңғарын,
Туған елде нелер болып, нелер орнап қалғанын.
Кешірерміз, күні кеше еткен істің жоқ құны,
Жазықсыз да, жазықты да біздер жеген соққыны,
Алдым қабыл болғанын да, болмағанын кінəнің.
Əттең, бірақ, отыз жасқа деп тұрғанда шығамын,
Естен танып жүріп ылғи ішінде анау кабактың
Жастық шақтан аларымды алып қана қалмаппын.
Жас терек те жаза шексе, жара алмастан бүршігін,
Жасыл шөптей жапырылып, көрер тағдыр қырсығын.
Ойхой, жастық, қайран жастық, кетіп қалған ілгері-ай,
Құйын кеуде, жел көкірек, желік басты күндер-ай!
1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу