👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  119


Автор: Сергей Есенин

Таң ғашығын шақырғыштап...

Таң ғашығын шақырғыштап,
Түтіндейді сар дала.
Кəрі шешем, осы бір шақ
Ойлайтыным сен ғана.
Сол баяғы бір таяғың,
Шығасың да сар жонға,
Қарайсың сен көл аяғы –
Айдан түскен ақ жолға.


Қарайсың да, жас аласың,
Өзіңді өзің іштен жеп.
Ұлым, туған босағасын
Шығарды ғой естен, – деп.
Аралапсың қабір басын,
Тұлабойың батқан шер.
Менің іні-қарындасым,
Бауырларым жатқан жер.
Өткір болып өссек те өңшең
Қыздар көркем майдай боп.
Енді бекер жас төкпе сен,
Өкінгеннен пайда жоқ,
Жетер енді! Жыламаш тағы,
Болмас өмір көп қонақ.
Ағаш екеш, ағаш тағы
Жапырағын жоқтамақ.
Таңғы көктем күмбірінше,
Қуаныш сирек, не етейін,
Бұтағымда шірігенше,
Желге-ақ қурап кетейін.
1925


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы