Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  248


Автор: Сергей Есенин

Көкпеңбек көңілді өлке, сағым белім...

Көкпеңбек көңілді өлке, сағым белім,
Жыр десе құрбандық қой жаным менің.
Ақ самал ақырын соқ, естимісің,


Шақырып жатыр бұлбұл гүл еркесін!
Ол үнге майысады гүл еркелеп,
Ол əнге елтіп тыңдар жүрек керек.
Ақ самал ақырын соқ, естимісің,
Шақырып жатыр бұлбұл гүл еркесін!
Несіне мен таласып, егес етем,
Дəл сондай өзім де ақын емес пе екем!
Ақ самал ақырын соқ, естимісің,
Шақырар бұлбұл жайлап ескі досын!
Қымбатты Ғалияжан, кешір маған,
Гүл көп қой көз ұрлаған, ес ұрлаған.
Гүл көп қой иілетін, бүгілетін,
Біріне-ақ соның жаның жүгінетін.
Жақсы дос, қуанайық сен де, мен де,
Осындай сүйікті елге, көркем елге.
Ақ самал ақырын соқ, естимісің,
Шақырып жатыр бұлбұл ескі досын!
Көкпеңбек кеңілді өлке, сағым белім,
Жыр десе құрбан ғұмыр, барым менің.
Шын құмар Ғалияға ұқсап маған,
Шіркін-ай бұлбұл гүлді құшақтаған.
1924 – 1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу