Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  146


Автор: Сергей Есенин

Торғайлардың дауысы...

Торғайлардың дауысы
Бейне теңіз шуындай.
Аппақ сүттей жер үсті,
Болмас жарық түн мұндай.
Жан-жақ толы тегіс үн
Бейне теңіз шуындай,
Болмас жарық түн мұндай.
Шіркін айдың жарығы,
Сол жарықта суға түс.
Болмас жанның дамылы
Бұл ауада көкшіл түс.
Шіркін айдың жарығы,
Сол жарықта суға түс.
Сəулем сен бе! Сенбісің!
Ернің тəтті мен үшін.
Осы ерніңнен тұр қарап
Рахат-өмір сорғалап.
Сəулем сен бе! Кім, кəне!
Сыбырлаған гүл ме əлде!
Өзім білмен, не тостым,
Бір сыбызғы үн қосты.
Əлде алыстан, жақыннан
Қай аршын төс шақырған!
Салқын кеште шалқып əн,
Сыбызғы оған үн қосты,
Өзім білмен, не тостым!
1924 – 1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу