Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  128


Автор: Сергей Есенин

Хорассанның гүл бағына дуалсыз...

Хорассанның гүл бағына дуалсыз,
Түседі екен ай сəулесі неге əлсіз!
Жүргендеймін даласында орыстың
Аспан асты аяқ бассаң тұман, сыз!
Деп сұрадым мен, аяулы Лалажан,
Кипаристен түнге үнсіз қараған.
Бірақ олар маған жауап қатқан жоқ,
Тұрды күйі бұлтпен басын ораған.
Ай сəулесі неге мұнша түнерген! –
Деп сұрадым тоғайдағы гүлдерден.
Олар айтты: «Райхан гүлдің бақтағы
Біледі оны жапырағы күңіренген!
Райхан сонда маған достық ойлап-ақ,
Шертті сырлы құпиясын жай ғана-ақ.
«Шаганэң сенің жаттың жанын қуантып,
Шаганэң сенің жатты жатыр аймалап.
Деді ол: «Орыс байқамайтын жөні бар
Жүректе əн. Əнде тəн мен өмір бар».
Сол себепті ай сəулесі азайып,
Сол себепті ай тұтылып, қорынар.
Көрген ай ғой опасыздың талайын
Көздің жасын, көргенсіздің сазайын.


 




 


Сөйтсе-дағы пəнде сүймей қоя алмас
Қызғылт түн мен қызғылықты жаз айын!
1924 – 1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу