Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  99


Автор: Сергей Есенин

Сəулесі айқын бейнесі алтын айдың да...

Сəулесі айқын бейнесі алтын айдың да,
Жұпар сепкен жаннат мекен жай мұнда.
Тыныштыққа еркелейсің, кезесің
Көңіл риза көк өлкенің қойнында.


Шаһразада əнін шырқап тауысқан,
Сонау Бағдат бұлдырайды алыстан.
Ол сабаздың енді кəзір үні өшті,
Ол жайлаған бақтың-дағы бағы ұшқан.
Алыс мекен, ескі тұрақ елес боп,
Қалған өшіп молалардай дөңес боп.
Уа, жолаушы, тас қабырға табынба,
Өлгендерге керегі жоқ əуес боп.
Төңірекке қара-дағы, сүйсін көп,
Гүлдер тұр ғой: «ерніңді əкел,
сүй-сүй!» – деп.
Жаумен-дағы шын жүрекпен татулас, –
Ол да сонда қадіріңді түсінбек.
Сапырып өт дəурен баста тұрғанда,
Сұлудан да, сұңқардан да құр қалма,
Өліктерге исең басыңды өзің и,
Өзгелерді ол кəсіппен былғама.
Айтпас мұны Шаһразада бекер, –
деп,
Гүлдер соны растайды еркелеп.
Бұл дүниеден еш мұқтажы жоқ жанды
Аяу керек шын мүсəпір екен деп.
1924 – 1925




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу