Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  173


Автор: Сергей Есенин

ПУШКИНГЕ

Орыстың туа қалған бір бағына
Қиялым қызыққандай бұл дарынға,
Өзіммен өзім болып, сөйлеп іштен
Твердің тұрмын мына бульварында.
Ақ шабдар аңғарамын келбетіңді,
Аңыз ғып əсерлеген ел бетіңді.
Болыпсың, Александр, сен де делқұл,
Бүгінгі бір хулиган мен секілді.
Бірақ ол еріккен жас, алтын дəурен,
Кемімес одан сенің асыл сəулең.
Даңқтың мыс-жезіне оранып ап
Басыңды сілкесің сен асау сəнмен.
Мен тұрмын, əулиемдей қарап əрең,
Əлімше жауап беру саған дəмем.
Маған да дəл осындай тағдыр берсе,
Бақыттан өлер едім табанда мен.
Алайда, жүрген басым қуғындалып,
Сайрармын ұзақ-ұзақ күнім бағып,
Менің де қайран жырым, бір алаңда
Мыс болып тұру үшін сыңғыр қағып.
1924




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу