Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  118


Автор: Сергей Есенин

Кеттім үйімді ұмытып...

Кеттім үйімді ұмытып,
Көкшіл Русь аймағын.
Тұр аққайың жылытып,
Қайғылы анам ойларын.


Ай тұнық су бетінде –
Кескіні алтын бақаның.
Алма бүршік секілді,
Ақ шалды əкем сақалын.
Оралман тез, оралман!
Айтсын зарлап боран əн.
Тұр күзетіп Русьті
Қарт үйеңкі бір күшті.
Жапырағының нəрін мың
Бақытты ғой жұтса адам.
Сондықтан сол кəрінің
Басыма басы ұқсаған.
1918




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу