Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  95


Автор: Сергей Есенин

ТАБЫН

Шелектей танаулардан шеңбірек атып,
Жүйткиді жануарлар желмен аңқып.
Кісінеп шыға келіп көк иықтан
Жалдары төңкеріліп, кері зытқан.
Суатқа ағып келіп бас қойғанда,
Жондары жуан тартар астаудан да.
Су жұтар сүгірет бас қалт-қалт етіп,
Ай аунап, күміс жүген жалт-жалт етіп.
Өзі үркіп өзі түсірген көлеңкеден
Қағады қамыс құлақ елең-селең.


Күн ойнап,
жарғақ құлақ сəулеленіп,
Масадан күндіз безбей, көңілденіп.
Кешкісін көк шалғында маза қашып,
Шыбындап, құлақтарын əзер қасып.
Тұяқтан күндізгідей сыңғыр ұшпай,
Тек қана маса қаққан бір дыбыстай.
Тек қана толқын ойнап жұлдыз қауып,
Су бетін күлдей шыбын кетер жауып.
Сөніп күн, сөніп дыбыс көк орайда,
Бақташы сырнайлатар əлдеқайда.
Тыңдайды қалың табын сонда елеріп,
Қасқиып, маңдайларын желге беріп.
Сүйетін күн, түніңді балаң менмін,
Туған ел, осы жырды саған бердім.
1915




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу