Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  137


Автор: Сергей Есенин

ИТ ТУРАЛЫ ЖЫР

Туған жерде күзгі ерте
Қара бидай дəн пісіп.
Тапты қаншық таң ертең
Жеті бірдей сар күшік.
Кешке дейін күшігін
Жатты жалап қорғалап.
Қызуына ішінің
Қардың суы сорғалап.
Кеш болған соң, нақ сыртқа
Шықты иесі, ол енді,
Жетеуін де қапшыққа
Салып алып жөнелді.
Еріп бұл да жүгірді
Тоқтамастан тыным ап...


Көпке дейін жылымның
Беті жатты шымырлап.
Əрең-əрең басты алға,
Қайтар жолда жүгірмей.
Көрінді Ай аспанда
Күшігінің біріндей.
Көзі көкке асылып,
Қарай-қарай төрт болды.
Тұра тұрмай асығып,
Ай да жым-жырт жоқ болды.
Еткендей жұрт ақымақ,
Нан орнына тас беріп,
Иттің көзі жарқырап
Қар үстіне түсті еріп.
1915




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу