Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  405


Автор: Сергей Есенин

Қыр кезіп, қызыл шілік ішін қулап...

Қыр кезіп, қызыл шілік ішін қулап,
Қыдырған күндер қайда аунап-қунап!
Сұлыдай сусылдаған сұлу шашың
Көңілімнен көрген түстей көшті зулап.
Əдемі ең, əсем едің бүлдіршіндей,
Батысқа байып батқан күн түсіндей,
Қан күрең сəуле ойнаған алма бетте,
Ақ тəнің қардан соққан бір мүсіндей.
Танадай көз моншағың тайып нұрдан,
Есімнен енді есімің ғайып болған.
Алайда ақ шəлінің бүктеуінде


Бал исі бармағыңның қалып қойған.
Таң мезгіл, маңай жым-жырт, тыныш сəтте,
Келеді құлағыма дыбыс тəтті.
Сені айтып су перісі жыр жырласа,
Жабысып жаным содан тыныс тапты.
Көкшіл кеш сыбырлай бер маған арнай,
Ол шіркін қыз еді деп əн-армандай.
Қай сиқыр қиялынан тудың рас,
Кермиық, кербез мұнша жаралғандай?!
Қыр кезіп, қызыл шілік ішін қулап,
Қыдырған күндер қайда аунап-қунап.
Сұлыдай сусылдаған сұлу шашың
Көңілімнен көрген түстей көшті зулап.
1915




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу