Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  287


Автор: Сергей Есенин

Жерідім, жерсінбедім өлкемді мен...

Жерідім, жерсінбедім өлкемді мен
Бір кезде туып-өсіп, өркендеген.
Ойым бар жаман үйді жатқа тастап,
Ел кезбе ұры болып көрсем деген.


Сұр тұман, сұрғылт кеште жолға шығып
Жүрсем мен қоналқа іздеп аласұрып.
Досым да қонышына пышақ жанып,
Алуға тұрар əзір маған сұғып.
Көрінсе көктем кезі жол сағадан
Басатын мен де дəрмен, болса қадам,
Жарымды жан деп сүйген барсам іздеп,
Бостырып, ол да қуар босағадан.
Сол кезде қайта үйіме жөнелермін,
Рахатқа біреу көрген кенелермін.
Жеңімді жыртып сонда есіп алып,
Асылып жасыл кеште мен өлермін.
Құрметі болмас, сірə, бұл өліктің,
Жылайды қаңғыбасқа күңіреніп кім?
Денемді жуылмаған көмер олар
Шаңқылдақ дауысымен үрген иттің.
Ай жүзер баяғыша көл бетімен,
Мəз ғылып төңіректі келбетімен.
Русь та жасай берер баяғыша
Жылап ап, би билейтін əдетімен.
1915




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу