Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  109


Автор: Сергей Есенин

Қуаңшылық қуратты да алқапты...

Қуаңшылық қуратты да алқапты,
Арпа-бидай тартты ауыр зардапты.
Дүғалық қып, жалбарынуға жас қыздар,
Ұбап-шұбап кетті қаптап жан-жақты.
Жиналды жұрт қоршап биік бір дөңді,
Қақ жарғандай қайғы-мұңы кеудеңді.
Көкке қарап күңіренді поптары:
«Сақта құдай, ая тəңірім, пендеңді!»
Ашылғандай аспан-көктің есігі –
Айқайлаған поптың даусы естілді.
«Ал, ағайын, тілегіңді айтып қал,
Тəңірім нұрын төге гөрсін бізге сəл».
Əнші құстар сайрап, тілеп əлінше,
Үлестіріп поп садақа, сан мүше,
Жерге түспей қарғалары қарқылдап,
Болды бəрі бір жаңбырды шақырмақ.
Тоғайдан сырт күн сəулесі толқындап,
Бұлттар кешті алатайдай ол тулап.
Бұталардың арасымен бұлдырлап,
Өзен ағып жатты жайлап былдырлап.
Бөріктерін аспанға атып мұжықтар
Жалбарынар жасағанға айтып зар.
«Егін байғұс шығып еді-ау шығуын,
Қу аңызақ құртып кетті – не амал бар».
Қара бұлттар – қара арғымақ секілді
Кектің жазық жолында ойнап секірді,
Жас жігіттер жаңғырта бір жар салып,
«Жауын, жауын, жауа гөр!» – деп өтінді.
1915




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу