Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  389


Автор: Сергей Есенин

Мибатпақ айналам...

Мибатпақ айналам,
Төбемде көк аспан.
Сары орман жайнаған
Күй шертіп сырласқан.
Шымшықтар пəк үнін
Орманға төккенде,
Шалғышы дабыры –
Шыршаға жеткендей.
Шалғынмен шұбартып,
Керуен өтеді.
Иісі тұр аңқып
Қураған жөкенің.
Жел соғып кетеді,
Шіліктер ұйып тұр...
О, меңіреу мекенім!
Отаным сүйікті...
1914




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу