Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  275


Автор: Сергей Есенин

БОЙЖЕТКЕН ƏНІ

Сарафанның етегіне гүл бүрген,
Қыдыруға қызыл көйлек кидім мен.
Шақырыңдар гармонисті, қыздар, тез,
Қоштасуға мендей қайран құрбыңмен.
Күйеу байғұс қызғаншақ та ашушаң,
Болар сұмдық бозбалаға көз салсам.
Жетім құстай мұңданайын, жылайын,
Тепші қатты, тепші биді, теп шапшаң!!!


Қыз дəуренмен ажырасу қандай дерт,
Еркелейтін, еркіндейтін қалды əдет.
Күйеу мені сыртқы есіктен шыға сап,
Тексереді «қыз намысың бар ма» – деп.
Айхай, қыздар, қалдым өлмей ұяттан,
Жүрегіме содан былай мұз қатқан.
Жақсы екен-ау одан дағы бақсыз боп,
Бұл өмірді күйеусіз-ақ ұзатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу