Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  289


Автор: Сергей Есенин

Қап-қара, тер сасыған қайран далам...

Қап-қара, тер сасыған қайран далам,
Сен демеу, сені сүймеу қайда маған?
Көкпеңбек көлге келсем кешкісалым
Ұмытпан рахатын, əсте сəнін.
Тұрады-ау қамыс қостар ұршықтай-ақ,
Бүлкілдеп құрақ түбі тыншықпай-ақ.
Қызыл от қазан астын қандатқандай,
Астында аяғыңның Ай жатқандай.
Шөпшілер қойып назар, ықласын
Тыңдайды шалдың ескі хикаясын.
Түбектен, əлде қайдан дауыс шығар,
Əн айтып, маужыраған балықшылар.
Қарасаң, қалайыдай көл үстін сен,
Қайғылы əн, қасіретісің орыстың сен!
1914




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу