Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  331


Автор: Сергей Есенин

ӨТКЕН ҚАЙТЫП ҚАЙРЫЛМАС

Қайта келмес енді сол бір самал түн,
Еш көрінбес енді жарым сол алтын,
Енді естілмес шын рахат сонау əн
Бақ ішінде бұлбұл сайрап салатын.
Айта алмадым «көктем түні етпе!» – деп,
Айта алмадым «жарым тоқта, кетпе!» – деп,
Күңгірт аспан күздің күні басталды,
Үсті-үстіне қара жауын төпелеп.
Зымырады қайран дəурен, қайран жас
Шат-қызықтан жаның əсте айрылмас.
Қан суынып, сезім салқын тартқанда
Өкінсең де өткен қайтып қайрылмас.
1912




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу