Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  310


Автор: Сергей Есенин

Жағасында өзеннің...

Жағасында өзеннің
Қайық жамап мен жаттым.
Сақинасын еркемнің
Көк толқынға жоғалттым.
Қайын енедей қатыбас,
Келді қырсық қат-қабат.
Қолдан түсті сақина,
Болды ғайып махаббат.
Таптырмады сол балдақ,
Жыладым жер тепкілеп;
Өзен етті сор-мазақ:
«Еркең жатқа кетті!» – деп.
Тоғай бармас болдым мен,–
Əзілі ортаң ел қудың.
Одан-дағы толқынмен,
Кетуге ағып бел будым.
1911




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу