Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  135


Автор: Сергей Есенин

Қыс «əу» десе, қарағай...

Қыс «əу» десе, қарағай –
Үн қосады жағалай,
Қою орман елтиді.
Қалың қайғы жамылып,
Алыс жұртқа сабылып,
Бурыл бұлттар жөңкиді.
Албар іші ақ құйын,
Біреу қолмен ақырын
Жібек төсеп жатқандай.
Байғұс торғай титімдей,
Бейне сорлы жетімдей,
Шырылдайды дəт қалмай.
Қайсар боран, қалың қар,
Балапандар, балғындар
Қалғиды мұздың үстінде,
Қайран көктем күндерін,
Сайран салып жүргенін
Көреді ылғи түсінде.
1910




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу