Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  74


Автор: Сергей Есенин

Түсті ымырт. Түсті шөпке

Түсті ымырт. Түсті шөпке
Түнгі күміс қалың шық.
Жол шетінде тұрмын жалғыз
Тұрмын талға жабысып.
Түседі үйдің төбесіне
Айдың жалпақ сəулесі.
Ту алыстан бұлбұл салған
Бой балқытқан əн есті.
Қандай жылы қыста пештің
Отырғандай түбінде.
Ақ қайыңдар ақ шырақтай
Жарқырайды түнінде.
Сонау жақта, арғы бетте
Əлден шапшаң таң күтіп,
Ұйқылы-ояу жүр күзетші
Тоқылдағын жаңғыртып.
1910




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу