Эсселер ✍️

  23.06.2022
  209


Тіл- тәуелсіздіктің айғағы

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды,  тарихымызды ұмыту демекші,  Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі , халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының көрінісі.  Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына , қазына байлығына балайды. Себебі тіл халықтың жаны , сәні,  ұлттық болмысы.  Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. 


Тіл тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егепендік егіз ұғым. Тілсіз - тәуелсіздік , егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуатты тірегі, жығылмас туы. Біздің міндетіміз қазақ тілінің мәртебесін асыру. Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы тұста " Қазақ пен қазақ , қазақша сөйлессін " деген сөзің ескермей кету мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында небір шаралар жасалып жатқаны баршаңызға мәлім. Расында , қазақ халқының басынан небір жағдайлар өтті. Оған дәлел біздің тарихымыз. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес одағының қарамағында болды. Ата- анамыз орыс тілін ұлық еткені де мәлім. Қазақ  өзінің тілін,  дінің ұмытардай халге де жетті. Бірақ "сабақты ине сәтімен" деген. Еліміз саң ғасыр аңсаған тәуелсіздікке жетті. Әркімнің тілге деген құрметін оның анасына , ұлтына , туған жеріне деген махаббатынан біле аламыз. Сөз соңын осы бір өлең шумағымен аяқтаймын


 


Ана тілінде ата-баба сыры бар,


Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.


Өсе келе құстың тілін білсең де


Ана тілсіз оның қандай құны бар?!


 


 


                                                 Кәдірбек Ұлдай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу