Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  111


Автор: Сағи Жиенбаев

Көлдің үсті көкшіл мұнар сағымдай

Көлдің үсті көкшіл мұнар сағымдай
Толқып жатыр ырғағынан жаңылмай.
Майда самал иығынан сипайды,
Толқындарды бір-бірінен айырмай.
Көмейінде жүз қайталап бір күйді,
Албырт толқын алға түсіп сырғиды.
Жағадағы тас бетінен сүйіп ап,
Жалт бұрылып көл түбіне сүңгиді.
Бойы үйреніп,
көнген ылғи тас та оған,
Жас бейбақтың сүйгенінен қашпаған....
Ерке толқын күндіз-түні аймалап,
Соңғы кезде әжім түсе бастаған.
Бір кезде оның жалқын кіріп өңіне
Түсті құлап,
шыдай алмай лебіне.
Құшып –сүйіп,
от болайын деді ме,
Құшағында жоқ болайын деді ме...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу