Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  114


Автор: Сағи Жиенбаев

Көкшеге біздің бұлт үйір

Көкшеге біздің
бұлт үйір,
Таңдай ма сұлу бұлттар да?
Не болады екен
үрпиіп
Төсіне таудың шыққанда.
Бір көшіп,
қарға бір аунап,
Көкшенің елік-құсымен,
Кетпейді күндіз бұлар да,
Қарағайлардың ішінен.
Таңертең тағы үлпілдеп,
Денесін жазып құрысқан,
Шығады жаймен біртіндеп,
Керіліп қуыс-қуыстан.
Жамылып таңның шапағын,
Сүйкеніп талға,
сүрініп,
Тіркесіп бара жатады
Көкшеге қарай шұбырып...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу