Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  126


Автор: Сағи Жиенбаев

Болса егер жұмбақ бір мықты

Болса егер жұмбақ бір мықты
Дүниені түгел шайқаған,
Біз көрген барлық сұмдықты
Көрсетсе соған қайтадан;
Жүргізсе соны бірер күн,
Біз жүрген асу жолменен,
Айдаса қалың дүлейге,
Аяғын шандып көнменен;
Жүрегін жаспен улаған
Жетіммен бірге түн қатса,
Бір жерге сосын жинап ап,
Жесірдің бәрін тыңдатса!
– Тірліктен безіп еркімен,
Мекенін тастап мәңгілік,
Азаптың улы дертінен
Кетер еді өзі-ақ мәңгіріп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу