Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  111


Автор: Сағи Жиенбаев

ШЕКАРАДАҒЫ ӨЗЕН

Бір-ақ өзен,
бір өзен,
Таудан асып келетін.
Бір-ақ өзен,
бір өзен,
Екі шыңды өбетін.
Білмейді олар мәңгілік,
Кімге жақын-алысын.
Қайталайды жаңғырып,
Бір өзеннің дауысын...
Тау басынан асығып,
Келеді өзен ентелеп,
Екеуіне де асылып,
Екеуіне де еркелеп.
Көңілі таза күнәдан–
Балалық бар бойында.
Екеуі де бір оған,
Алалық жоқ ойында.
Екеуін де аймалап,
Ерке толқын жүр шолып,
Арғы бетке бір соғып,
Бергі бетке бір соғып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу