Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  121


Автор: Сағи Жиенбаев

ШАЛ ӘНІ

Талайдан жүрген
Көңілімде бар бір әнім,
Таңертең үйден
Сол әнімді айтып шығамын.
Өзімнен басқа
Қосылған емес жан адам,
Әнімнің жайын
Жалғыз-ақ өзім ұғамын.
Белгісіз сөзі,
Белгісіз сазы бұл әннің,
Шыңдағы сонау
Үніндей кәрі шынардың.
О бастан оны
Бір өзім айтып келемін,
Бәлкім мен осы
Жалғыз-ақ әнмен тынармын.
Қанша жыл айттым,
Жалыққан емен сонда да,
Айтамын қырда,
Айтамын ұзақ жолда да.
Әнімді менің
Естиді көкшіл толқындар,
Жанымды менің
Түсінеді Ыстықкөл ғана.
Әлемде талай
Керемет әндер бар шығар.
Көзіңнің жасы,
Кеудеңнің бұлты аршылар...
Ал маған салсаң,
Осыған жетер бір ән жоқ,
Өйткені мұнда
Ыстықкөлімнің дауысы бар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу