Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  109


Автор: Сағи Жиенбаев

Алыстау жүрсің армандай қашып...

Алыстау жүрсің армандай қашып,
Аспаннан гөрі арамыз алшақ.
Таулардан асып, дариялар басып,
Жылда бір әзер табамын аңсап.
Өтемін ағып талай шыңдардан,
Серігім жалғыз көктегі баршын...
Асулар көп-ақ, абайсыз жолда
Адасып кетсем, жетпейді дауысым.
Жетпейді дауысым іздеген кезде,
Жетпейді содан маған да бір күй.
Бір жақын бейне ілінбей көзге,
Жүремін соған алаңдап ылғи.
Күндерім менің өтеді толқып,
Сен жақтан хабар кешігіп жатса,
Қобалжып көңілім кетемін қорқып,
Мезгілсіз біреу есігім қақса...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу