Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  112


Автор: Сағи Жиенбаев

Маған кесек атушылар болса да...

Маған кесек атушылар болса да,
Мен біреуге кесек атқан пенде емен.
Көкірегіме ашу-ыза толса да,
Кетеді бір желпіп өткен желменен.
Маған басын июшілер болса да,
Мен біреуге басымды иген пенде емен.
Тас төбеме тауы келіп қонса да,
Тал шыбықтай тәлтіректеп көрмегем.
Біреу адал қолын созып шақырса,
Мен бәлсініп,
шалқаятын пенде емен.
Сол батырсын тұңғиыққа батырса,
Сол батырмен бір кірейін көрге мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу